Сақтандыру бағдарламаларының тарифтері әр клиентке және авиакөлікке сәйкес белгіленеді. Әр Шартты өзіңе бейімдеуге болады: сақтандыру сомасын, сақтандыру тәуекелін, франшизаны және қосымша ережелерді таңдауға.
Нені сақтандыруға болады?
1 секция – авиакөлік
2 секция- үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген нұқсан бойынша, авиакөлік иесінің жауапкершілігі.
Авиакөлікті қандай тәуекелдерден сақтандыруға болады?
1 секция. Авиациялық көлікті зақымдану, жойылу немесе жоғалу жағдайларынан сақтандыру.
2 секция. Авиакөлік ұшыраған оқиғаға байланысты, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілгені үшін туындаған міндеттемелер бойынша жауапкершілікті сақтандыру.
Ерекшеліктері
- Дербес менеджер оңтайлы ережелерін және тарифтерін қарастырады, Шартты офиске алып келеді және төлемді алу бойынша кеңес береді;
- Ірі Шарттарға қатысты тәуекелдер шетел компанияларында қайта сақтандырылады;
- Қолайлы сақтандыру тарифтері;
- Тез сақтандыру төлемдері