Сақтандыру бағдарламаларының тарифтері әр клиент және автопарк бойынша дербес белгіленеді. Әр Шартты өзіңе бейімдеуге болады: сақтандыру сомасын, сақтандыру тәуекелін, франшизаны және қосымша ережелерді таңдауғ.
Нені сақтандыруға болады?
Компанияға тиесілі автокөлікті.
Автокөлікті қандай тәуекелдерден сақтандыруға болады?
- ЖКО;
- Жылжымалы немесе жылжымайтын заттарға соқтығу, аударылу, көпірден құлау, бөтен заттардың құлауы;
- Өрт, жарылыс, найзағай;
- үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері, атап айтқанда: АК айдап кету/ұрлау, тонау, талан-таражға салу;
- Зілзала апаттар: боран, дауыл, теңіз дауылы, бұршақ, найзағай, жер сілкінісі, сел, көшкін, тасқын, су басу, жер шөгуі;
- Су, жылу немесе канализация жүйелерінен аққан сумен зақымдану;
- Мұз астына кету.
Сақтандыру мерзімі
12 ай
Ерекшеліктері
- Дербес менеджер оңтайлы ережелерін және тарифтерін қарастырады, Шартты офиске алып келеді және төлемді алу бойынша кеңес береді;
- Ірі Шарттарға қатысты тәуекелдер шетел компанияларында қайта сақтандырылады;
- Қолайлы сақтандыру тарифтері;
- Тез сақтандыру төлемдері