ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың төрт айы ішінде, ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары 21,4 миллиард теңге жинады. Бұл өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда, 6,5% төмен. Осыған орай, ОГПО міндетті автосақтандыру нарығы 1,49 миллиард теңгеге кеміді.
Сақтандыру сыйлықақылары бойынша, көрсеткіштердің төмендеуінің негізгі себептері:
Сірә, аталған төмен көрсеткіштердің негізгі себебі, Covid-19 пандемиясы салдарынан туындаған карантин. Осымен қатар, үкімет жол жүруді шектеді, соның ішінде, көлікпен жүруді. Нәтижесінде, көптеген қазақстандықтар тұрақты табыс табудан уақытша айырылды, міндетті төлемдерін атқару мүмкіндігін жоғалтты, соның ішінде міндетті автосақтандыру. Осы жылдың мамыр айында, Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрі 170 000 тіркелген жұмыссыз азаматтар туралы мәлімдеді.
Халыққа міндетті автосақтандыруды ресімдеуге көмектесу мақсатында, ОГПО полистерін мәулетті (бөліп төлеу) ресімдеу бойынша қызмет көрсету іске қосылды. Карантин бәсеңдегеннен кейін, Freedom Finance Insurance мамандары мәулетті ресімдеу мәліметтерін зерттеп, қазақстандық автокөлік иесінің бейнесін суреттеді.
Карантин кезінде кім ОГПО полисін мәулетті ресімдеді:
Компанияның мәліметтері бойынша, 2020 жылдың мамыр айынан бастап, автокөлік иелерінің жалпы санынан ОГПО сақтандыру полистерін мәулетті онлайн ресімдеген 28,3% бонус-малус сыныпының максималды 13 сыныпы бар. Бонус-малустың 4-12 сыныпындағы автокөлік иелеріне полис сату бойынша орташа көрсеткіштері. Бөліп төлеу жаңа басқарған жүргізушілер үшін пайдалы екеніне қарамастан, себебі сақтандыруға ең көп төлейтіндер солар, 1-3 сынып бонус-малус нәтижесі онлайн ресімделген ОГПО сақтандыру полистерінің 0,7% құраған. Осы мәліметтерге сәйкес, қазақстандық жолдарымен апатсыз жүру өтілі бар жүгізушілердің басымды саны жүреді.
Мәулетті сатып алған ОГПО сақтандырудың құны:
2020 мамыр-маусым айларында, бәрін алғанда, 7 519 ОГПО полистері сатып алынған. 3 айға бөліп төлеу полистерінің көбісі 9 001 -13 000 теңгелік бағасымен сатып алынған (барлық сатып алынған сақтандырудың 25,3%). 24,3% сақтандыру полистері - 13 001 - 18 000 дейінгі теңгелік бағасымен сатып алынған, 16,8% - 5 000 теңгеге дейін, 13,2% - 21 001 - 30 000 теңгеге дейін, 11,2% - 18 001 -21 000 теңгеге дейін. Барлық полистерді алғанда, тек 4,3%, бағасы 30 000 теңге және одан жоғары бағасымен ресімделген.
Ескертеміз, ОГПО міндетті сақтандыру құнына келесі параметрлері әсер етеді: АЕК, автокөлікті тіркеу аумағы, көлік құралының түрі, автокөлік иесінің жасы және көлік басқару өтілі, көлікті пайдалану мерзімі, сақтандыру мерзімі, апатсыздық коэффициенті, ҚР резиденттігі, сақтандыру полисіндегі автокөлік иелерінің саны. Бұл жағдайда, ОГПО полисінің құны еліміздің барлық қалаларында әртүрлі.
Жылсайын сақтандыруға аз төлеу үшін, ең бастысы, ЖКО-ға айыпты болмау, ЖЖЕ бұзбау, көлікті сабырлы, ұқыпты жүргізу керек.
Автосақтандыруды мәулетті (орташа 3 айға дейін) төлеу бойынша жаңа онлайн қызметтер көрсету және төлемді жартыжылға кейін қалдыру туралы айтатын болсақ, қазақстандық сақтандырушылары оны пандемия кезеңінде және қаржылық дағдарысқа байланысты, автокөлік иелерінің қаржылық ауыртпалығын төмендету мақсатында іске қосты. Мүмкін жаңа технологиялар арқасында, автосақтандыру нарығы дамудағы жағымды серпілін табар.