Төлемді кейінге қалдыру мен бөліп төлеудің айырмашылығы неде?
Бөліп төлеу кезінде, Сіз сақтандыруға 3 ай ішінде біркелкі соманы төлейсіз. Айына бір мәрте төлеу міндетті.
Ал төлемді кейінге қалдыру барысында, сақтандыруға ыңғайлы уақытта төлеуге болады: 6 ай ішінде бөліп төлеу немесе мерзім өткенше барлық соманы бірден төлеу мүмкін. Бұл жағдайда, бөліп төлейтін болсаңыз, біркелкі соманы айсайын төлеудің қажеті жоқ. Мүмкіншілігіңізге қарай төлейсіз. Ең бастысы-барлық соманы мерзім өткенше төлеу.
Төлемді кейінге қалдыруды 6 ай ішінде бөліп төлеуге бола ма немесе барлық соманы мен міндетті түрде жарты жылдан кейін төлеуім керек пе?
Төлемді кейінге қалдыру барысында өзіңізге ыңғайлы уақытта төлеу мүмкін: 6 ай ішінде бөліп төлеу немесе мерзім аяғына дейін барлық соманы бірден төлеу. Бұл жағдайда, егер Сіз бөліп төлейтін болсаңыз, біркелкі соманы айсайын төлеудің қажеті жоқ. Мүмкіншілігіңізге қарай төлейсіз.
Мысалы, бірінші айда сақтандыру құнынан 10% төлеуге болады. Содан кейін, төрт ай бойы төлемеуге болады, ал қалған соманы алтыншы айда төлеуге болады.
Ең бастысы-барлық соманы мерзім өткенше төлеу.
Ал егер мен Полисті 6 айға ресімдесем, төлемді кейінге қалдыруға бола ма?
Иә. Бұл жағдайда, Сіз сақтандыруға мерзім бойы бөліп төлеуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл жағдайда, біркелкі төлемдерді айсайын енгізудің қажеті жоқ. Ең бастысы-барлық соманы мерзім өткенше төлеу.
Төлемді кейінге қалдырудың максималды сомасы қанша? Егер менің Полисімнің бағасы 35 000 теңге болса, пайдалану мүмкіндігім бар ма?
Төлемді кейінге қалдырудың максималды сомасы – 1 МЗР (42 500 теңге).
Төлемді кейінге қалдырудың минималды сомасы қанша? Егер менің Полисімнің бағасы 35 000 теңге болса, пайдалану мүмкіндігім бар ма?
Төлемді кейінге қалдырудың минималды сомасына шектеу қойылмайды. Сондықтан, төлемді кейінге қалдыруды кез келген сомаға ресімдеуге болады.
Төлемді кейінге қалдыру уақтылы төленбесе не болады?
Төлемді кейінге қалдыру мерзімі аяғына дейін клиент сақтандыруға төлемесе, мысалы: Клиент төлемді кейінге қалдыруды 01.06.2020ж. алды, кесте бойынша ол 01.12.2020 ж. төлемді жабуға тиіс, өтеудің соңғы күні 01.12.2020 ж., ал 2020 ж. 02.12. бастап, мерзімі өткен әрбір күнге негізгі қарыз қалдығынан 0,5% өсімақы есептеледі.
Ал егер менің кредиттерім бар болса, төлемді кейінге қалдыруды пайдалануға бола ма?
Егер кредиттеріңіз бар болса да, төлемді кейінге қалдыруды пайдалануға болады. Бірақ олардың төлем мерзімі өтпеуге тиіс. Әйтпесе, Полисті төлемін кейінге қалдырып ресімдеуге болмайды.
Төлемді кейінге қалдыру туралы шешімін кім қабылдайды? Мен оған лайықты екенімді кімнен сұрап білемін?
Полисті ресімдеу кезінде Fast Cash МКҰ скоринг жүйесі төлемді кейінге қалдыруға лайықтылығын (клиенттің төлемқабілеттілігін) анықтайды.
Төлемді кейінге қалдыру Полисін сатып алу кезінде мен шартқа қол қоюға тиістімін бе? Кеңсеге келу керек пе немесе жеке қол қою қажет пе?
Егер төлемді кейінге қалдыру Полисін ресімдейтін болсаңыз, кеңсеге келу және қағаз шартына қол қою қажетсіз. Бұл жағдайда, Сіз электрондық шартқа SMS хабарлама арқылы қол қоясыз.
Төлемді кейінге қалдыруды қалай төлеуге болады? Сіздерде Kaspi.kz қосымшасы бар ма?
Төлемді кейінге қалдыруды жеке кабинетте МКҰ Fast Cash сайтында төлеуге болады.