Қыста ма жазда ма: Қазақстандықтар ЖКО-ға жиі тап болады

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында, автомобилистер ЖКО-ға қай маусымда, айда және қай күні жиі ұшырауы мүмкін екенін анықтады

ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың ішінде, барлығын алғанда 13 515 ЖКО болған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19% кем. Апаттар күзде жиі болады, жазда және қыста-сирек. Ең аз болуы-көктем айларында.


Жыл мезгілі бойынша аумақтардағы апаттылық

 

Күз

Апаттар ең жиі Алматы және Алматы облысында болады – 57 және 35 ЖКО (100 мың адамға шаққанда). Атырау облысында және Шымкентте апаттар ең аз болады – 9 яки 10 ЖКО. Күздегі апаттылыққа аумақтарда 2020 жылдағы ЖКО-ның жалпы санынан 31,4% жатқызылады.

Жаз

Апаттар ең жиі Алматыда болады – 46 ЖКО (100 мың адамға шаққанда). Ең аз апаттар Шымкентте және Нұр-Султан қаласында – 7 яки 9 ЖКО. Орташа алғанда, жазғы апаттарға аумақтарда 2020 жылдағы ЖКО-ның жалпы санынан 26,7% жатқызылады.

Қыс

Апаттар ең жиі Алматыда болады – 39 ЖКО. Ең аз апаттар Қарағанды облысында және Шымкентте –  8 ЖКО. Орташа алғанда, қысқы апаттарға аумақтарда 2020 жылдағы ЖКО-ның жалпы санынан 24,4% жатқызылады.

Көктем

Апаттар ең жиі Алматы және Жамбыл облысында болады – 27 яки 21 ЖКО. Ең аз апаттар Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақтан облыстарында және Шымкентте – әр аумақта 6  ЖКО-дан. Орташа алғанда, көктемгі апаттарға аумақтарда 2020 жылдағы ЖКО-ның жалпы санынан 17,5% жатқызылады.


Былтырғы көктемде, елімізде ТЖ режимі жарияланған және жол жүру қозғалысына шектеулер қойылған. Аталған фактор көктемгі ЖКО-ның санын азайтуға себепкер болған. Алайда күзде, апаттар қайтып оралды.  Демек,  пандемияға дейін де, апаттар күзде жиі болатын.  Мысалы,  2018 жылдың осы маусымында Қазақстандағы апаттардың жалпы санынан 29% Қазақстан бойынша тіркелген. Жазда апаттар сирек болды  – 28% және көктемде – 23%. Ең аз ЖКО қыста болған – 20%.



барлығы

қыс

көктем

жаз

күз

Қазақстан Республикасы

65 

24,4%

17,5%

26,7%

31,4%

Акмола облысы

77 

22

11

21

23

Ақтөбе облысы

69 

19

11

17

22

Алматы облысы

105 

24

18

27

35

Атырау облысы

36 

9

6

13

9

Батыс Қазақстан облысы

51 

15

12

11

12

Жамбыл облысы

83 

19

21

20

23

Қарағанды облысы

39 

8

6

13

12

Қостанай облысы

43 

10

7

12

14

Қызылорда облысы

63 

16

12

18

17

Маңғыстау облысы

44 

12

8

11

13

Павлодар облысы

94 

21

16

27

29

Солтүстік Қазақстан облысы

43 

12

6

12

13

Түркістан облысы

52 

13

11

14

14

Шығыс Қазақстан облысы

69 

19

9

18

23

Нұр-Сұлтан қ.

41 

9

7

9

17

Алматы қ.

169 

39

27

46

57

Шымкент қ.

31 

8

6

7

10

Мәліметтер: ҚР ҰЭМ статКомитеті

орындаған: Freedom Finance Insurance



Айлар және апта күндері бойынша апаттылық


Былтыр ең апатты ай болып қыркүйек саналған  – 1 471 ЖКО (2020 жылғы барлық апаттық жағдайларының 11%).


Қазан мен тамыздың апаттық көрсеткіштері де өте жоғары – 1 462 және 1 389 ЖКО (Қазақстандағы 2020 жылғы барлық апаттардың жалпы санынан 11% яки 10%).


Ең аз ЖКО сәурде тіркелген  – 442 оқиға (былтыр болған барлық апаттардың 3% құрайды). Сәуір айында ең көп апаттар Алматы облысында тіркелген  – 82%, ал ен аз Солтүстік Қазақстан облысында, осы айдағы болған апаттардың бар болғаны 1% құрайды.


Статистика бойынша, аптаның ең қауіпті күні болып дүйсенбі есептеледі – 2 008 оқиға (барлық ЖКО-ның 15% ), ал ең аз апаттар – бейсенбі күндеріне келеді (1 775 оқиға немесе  Қазақстандағы 2020 жылғы барлық апаттардың жалпы санынан 13% құрайды).


ЖКО бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша, бәрін алғанда, 69 386 сақтандыру төлемдері атқарылған. Егер ЖКО статистикасымен салыстыратын болсақ, ЖКО саны мен ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сан айырмашылығы елеулі. ОГПО бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің саны ЖКО санынан 81% астам.


«Себебі, 2020 жылы жүзеге асырылған төлемдер бөлігі бұрын болған ЖКО бойынша атқарылған, мысалы 2019, 2018 жылдары немесе одан ерте болғандарға қатысты. Ескеру қажет, бір ЖКО-да бірнеше жәбірленуші болуы мүмкін. Сондықтан,  бір ЖКО-ға қатысты екі, үш және одан астам сақтандыру төлемдері атқарылуы мүмкін»-деп, түсініктеме берді Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы.


Сақтандыру төлемі, сақтандыру компаниясы құжаттар топтамасын толық алған сәттен 15 жұмыс күні ішінде  жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда, сақтандыру төлемдерін алу процессіне көп уақыт кетуі мүмкін. Мысалы, Сақтанушы ЖКО салдарынан болған нұқсанды бағалау мөлшерімен келіспеуі және т.б.   


Алайда, нұқсан бағаланғаннан кейін, бір сағат ішінде лездік төлемдерді алу мүмкін. Мысалы, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясында, егер нұқсан мөлшері 350 000 теңгеден аспайтын болса, төлемдер ЖКО орнында қолма-қол төленеді.