ОГПО міндетті автосақтандыру полисі, бүгінгі күнде үш әдіс арқылы ресімделеді: сақтандыру агенттері арқылы, арнайы ЦОН-дарда орналастырылған арнайы терминалдарда және компанияның сайтында жеке ресімделеді. Соңғы жағдайда, Полисті тез және арзан сатып алудың көптеген нұсқалары бар.
ОГПО полисіне төлеу жеңіл болуы үшін, сақтандырушылар онлайн-сақтандыруды жеңілдікпен, мәулетті немесе жаңа әдіс-сақтандыруға жазылым арқылы ресімдеуді ұсынады. Freedom Finance Insurance СК мамандары 2022 жылғы өздерінің базасын зерттеп, классикалық автосақтандыруды біржолғы төлем жасау арқылы, 6 айға бөліп төлеу жолымен сатып алуды немесе жазылым бойынша автосақтандыруды ресімдеудің жаңа онлайн-сервисін пайдалануды қандай автоиелері ұнататынын анықтады.
ОГПО онлайн-полисіне біржолғы төлем жасау
2022 жылдың мәліметтеріне сәйкес, Freedom Finance Insurance СК ОГПО міндетті автосақтандыру полисін автоиелердің 82% ресімдеген.
Автоиесінің жынысы және жасы. Міндетті автосақтандыруды қарапайым әдіспен, құнын толық төлеу арқылы ресімдегендер ішінде, 79% - ерлер және 21% әйелдер. Сақтанушылардың орта жасы- 32 - 35 жас.
Құны қанша. Классикалық ОГПО онлайн-полисінің орташа бағасы - 14500 теңге. Максималды құны – 49397 теңге. Компанияның базасындағы полистің ең төмен құны – 2702 теңге.
Сақтандырылған автомобильдің шығарылған жылы. 2022 жылы, ОГПО полистері 2013-2014 жылдардағы көлік құралдары бойынша жиі ресімделген-аталған әдіспен сақтандырылған автолардың жалпы санынан 12%. Полис сирек ресімделгендері, 2000 және 2004 жылдардағы машиналар бойынша – бар болғаны, 3%.
ОГПО Полисіне бөліп төлеу
Сервис 2020 жылдың көктемінде іске қосылған, Covid-19 пандемиясының қызған кезінде, карантинде болған көптеген қазақстандықтардың еңбекақысынан уақытша айырылғаны кезде міндетті автосақтандыруды сатып алуды жеңілдету мақсатында. Сол кезде, автоиелердің полис төлемін бірден атқармау мүмкіндіктері пайда болды, отбасы бюджетіне ауыртпалық түсірмей төлемді бөліп төлеу мүмкіншілігі. ОГПО полисіне бөліп төлеу сервисін компания сақтанушыларының 12% пайдаланады.
Автоиесінің жынысы және жасы. 2022 жылдың басынан бастап, автовтосақтандыруды мәулетті ресімдеуді ерлер жиірек пайдаланады – 86%, ал әйелдердің – 14%. Сақтанушылардың орта жасы - 31-33 жас.
Құны қанша. Автовтосақтандырудың орташа құны- 15120 теңге, максималды құны - 41633тг, ал минималды құны – 2730 теңге.
Сақтандырылған автомобильдің шығарылған жылы. Көлік құралын міндетті сақтандыру бойынша, автоиелері 2013-2014 жылдардағы көлік құралдарына сақтандыру полистерін жиірек сатып алған-мәулетті ресімделген ОГПО полистерінің сатып алынған жалпы санынан – 6% және 8%. Ең азы – 2009 және 2008 жылдары шығарылған көлік бойынша – 0,8% және 1%
Жазылым бойынша автосақтандыру
Бұл жаңаша өнім -тек Қазақстанда емес, одан да тыс пайдалануда. Жазылым бойынша ОГПО автосақтандыруды Freedom Finance Insurance СК 2022 жылдың сәуір айында іске қосты. Қазіргі сәтте, сервисті компания сақтанушыларының 6% қолдануда.
Автоиесінің жынысы және жасы. Жазылымды ресімдегендердің 90,2% ерлер құрайды, ал 9,8% - әйелдер. Жазылымды негізінде, жасы 30-40 арасындағылар ресімдеуде.
Жазылым құны
Орташа құны – 15280 теңге, максималды құны – 31062 теңге, минималды құны – 4974 теңге. Жазылым бір жылға ресімделеді және алдағы уақытта, автоиесінің келісіміне сәйкес, автоматты түрде ұзартылады. Төлем бойынша, сақтандырылғанның аталған түрі, классикалық сақтандырудан үнемді, жазылымның бастапы 90 күні сақтанушыларға компания серіктестіктері тарапынан сыйлық ретінде беріледі. Соңғы айларда сервиске төлеу құны, ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша заңнамамен белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша жазылым банк картасына айсайын төлем атқару үшін тіркелген, басқа сервис жазылымдарына ұқсас.
Мысалы, ОГПО полисінің жылдық құны 10000 теңге құрайтын болса, бастапқы үші айда автоиесі ешнәрсе төлемейді, (атап айтқанда, үнемділігі 2500 теңге). Ал соңғы 9 айда ол қалған бөлігін, айсайын 833 теңге мөлшерінде төлейді. Бұл шағын сомамен төлейтіндерге тиімді, және табысы әрқалай адамдар үшін өте қолайлы.