Қазақстанда және басқа елдерде қандай автомобильдер ЖКО-ға жиі ұшырайды

Ашық ақпарат көздері және өз мәліметтері базасындағы ақпаратқа сәйкес, Freedom Insurance СК мамандары Қазақстанда және басқа елдерде ЖКО қатысушылары ретінде жиі кездесетін авто марқаларын, сондай-ақ, апатқа ұшыраған автоиелер жасын анықтады.

ВОЗ мәліметтері бойынша, ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер саны жылсайын, 20 млн -50 млн. дейін құрайды. Ең көп жол апаттары Үнді, АҚШ және Қытайда байқалған. Бұл жағдайда, кінәлі және зардап шеккендердің жасы әр елде әрқалай.

Әлем елдерінде іс жүзінде, Toyota, Nissan, Kia, Hyundai және Honda маркалы автомашиналары ЖКО саны бойынша үздігі болып табылады.

 

АҚШ. Американдық WikiLender талдаушылары өз зерттеулері негізінде апатқа жиі тап болатын автомобильдер бестігін анықтап шығарған. Бұл BMW - 21% барлық жағдайларда, Land Rover - 16%, Infiniti – 14%, Lexus – 13%, Nissan – 9%.

2021 жылы Штатта ЖКО салдарынан шамамен 40 мың адам қайтыс болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 10,5% артық. Апатқа кінәлі болып, американдық мамандарының пайымдауына сәйкес, жасы 65 және одан үлкен тұлғалар жиі танылады.

Ұлыбритания. Британдық автомобиль ассоциациясы, жол апаты бойынша алдағы қатарында келесі автомаркаларын атады: Honda — 18,6% барлық апаттар бойынша, Volvo — 15,9%, Lexus — 15,5%, Mazda — 15,3%, Honda — 15%.

Ұлыбритания жол апатына қатысты өлімдер бойынша ең аз сандығына жатады, және тек Норвегия, Швеция  және Швейцарияға жол беруде. Ассоциация сарапшыларының пікіріне сәйкес, ЖКО-ға тап болу тәуекеліне жасы 25 толмаған тұлғалар жатады.

Австралия. Монаша университетінің зерттеушілері жол жүру кезінде аса қауіпті болып, күңгірт түсті көлік құралдары танылады деп анықтады. Жарық күндері аталған түсті автомашиналар апатқа жарық түсті автомашиналардан 12% астам жиі түскен, ал қараңғы түнде- 47%. ЖКО саны бойынша алдағы қатарда аталғандар: Toyota – 16% барлық ЖКО бойынша, Mazda – 12%, Ford – 11%, Hyundai – 7%, Holden – 6%.

Savvy есебіне сәйкес, 90% астам австралиялық отбасында қазіргі уақытта автомобиль бар, 20 млн артық көлік құралы тіркелген. 2021 жылы Австралияда ЖКО нәтижесінде 1123 адам қайтыс болған. Бұл, 2020 жылмен салыстырғанда,2,6%  артық. ЖКО-ға жиі тап болатын ерлер жасы  - 24-28, ал әйелдердің жасы - 29-33.

Үнді. Жол апаты мотокөлік иелерінің кінәсі бойынша жиі орын алады. Автомобильдерді алғанда, апатқа жиі түсетіндері: Tata – 16%, Mahindra – 12%, Honda – 11%, Volkswagen – 8% және Hyundai – 6%.

Жылсайын Үндіде, әлеммен салыстырғанда,  барлық апаттардың 11% құрайды. Жалпы статистика бойынша, елде жылсайын шамамен 450 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда, қайтыс болған адамдар саны 150 мың. ЖКО-ға ұшырайтын автоиелер жасы 25-35.

Жапония. Бұл елде апатқа жиі түсетін маркалары, атап айтқанда: Toyota – 12% барлық ЖКО-ға қатысты, Honda – 7,5%, Suzuki – 6,8%, Daihatsu – 6,3%, Nissan– 4,8%.

statista.com мәліметтеріне сәйкес, Жапонияда  10 жыл ішінде апаттар саны екі есе төмендеген. 2021 шамамен 305,2 мың ЖКО, ал 2012 жылы - 665,16 мың тіркелген. ЖКО-ға кінәлі және зардап шеккендер ретінде жасы 65 асқан адамдар танылады.

Қытай. Қытайда ЖКО-ға жиі қатысандар ретінде: Toyota – 18%, BYD – 17%, Buick – 14%, Haval – 13%, Volkswagen – 9% саналады. Жылсайын елде орташа алғанда, 500 мың ЖКО орын алуда, нәтижесінде 100 мыңнан артық адам қайтыс болады. Қытай 10 жылдан артық, ЖКО ең жиі болатын елдер тізіміне кіруде. «Ең қауіпті» жүргізушілер қатарына жасы 45-55 аралығындағы азаматтар кіргізілген.

Ресей.  2022 жылы апатқа жиі түскен автомашиналар Lada жүргізушілері- 19% жалпы апаттар санына қатысты, ресей сақтандырушыларымен тіркелгені, Toyota - 8%, Kia - 7,9%, Hyundai - 7,9% және Nissan — 5,7%.

Ресей ІІМ ЖЖҚ Ғылыми орталығының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 9 айы ішінде, ЖКО жалпы саны былтырғы жылмен салыстырғанда, 6,1% қысқарған- 91 255 мың оқиға. ЖКО-ға кінәлі тұлғалар жасы 30 - 39 аралығында - 27,8% өз кінәсі бойынша апатқа түскендердің жалпы санына қатысты.

Қазақстан. Freedom Insurance СК мәліметтер базасына сәйкес, ЖКО-ға кінәлі болып, ОГПО және КАСКО сақтандыру төлемдері бойынша тіркелген: Toyota – 11,2%, Hyundai – 5,2%, Volkswagen – 4,8%, Nissan – 3,3%, KIA – 3% жүргізушілері танылады.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер: Toyota – 13,5%, Hyundai – 7,3%, KIA – 4%, Volkswagen – 3,7%, Chevrolet – 3,3 % жүргізушілері.

ЖКО-ға жиі түсетін ерлер жасы 28-33, ал  әйелдер – 24-29 жаста.

ҚР сақтандыру төлемдерін қалай алуға болады

Бүгінгі күнде, сақтандыру төлемдерін алу процессі бірнеше күндер және айлар бойы қамтуы мүмкін. ЖКО-ға түскен автоиесі қандай тәсілін таңдағанына байланысты. Төлемдерді жеке стандартты түрде алу процессі және dtp.kz сайтында онлайн алуға мүмкін.

Бірінші жағдайда, заңға сәйкес, сақтандыру компаниясы өтемақыны 15 жұмыс күні ішінде, соңғы құжатты алғаннан кейін төлеуге тиіс. Маңыздысы, ЖКО дәйегі бойынша толтырылған құжаттардың дұрыстығы мен нұқсан мөлшері дұрыс есептелгеніне назар аудару қажет, сақтандыру төлемінің мөлшері соған байланысты болады. Егер құжаттар жетіспесе немесе олар дұрыс толтырылмаған болса, сақтандыру төлемдерін алу процессі бірнеше айға созылуы мүмкін. Орташа алғанда, оқиған болған күнінен толемді алу күніне дейін, процесс 70-90 күн құрауы мүмкін.

«2022 жылдың қарашасынан, төлемдерді онлайн алу бойынша жаңа цифрлік сервисі іске қосылды. Енді, ЖКО-ға түскен қазақстандық автоиелері, сақтандырушының офисіне бармай, құжаттарды жинауға уақыттарын бөлмей, өтемақыны банк картасын тіркеу арқылы бірнеше күн ішінде алуы мүмкін.  Электрондық өтініш түсіру және төлемді алу сәтіне дейін, жеке жолды dtp.kz сайтында орындауға болады. Орташа алғанда, бұл процесске 5-7 күн уақыт кетеді. Өтемақыны жедел, Freedom Bank немесе басқа кез келген банктің картасына алу мүмкін. Екінші жағдайда, ақша