Міндетті туристік сақтандыру
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан міндетті медициналық туристік сақтандыру енгізілді. Демек, шетелге шығу туризм саласында қызмет көрсетуші туроператорлар, өз клиенттерін шетелдік сапар шегу мерзім бойы, оларды сақтандыруға міндетті.
Қандай тәуекелдерден сақтандыруға болады?
- Жазатайым оқиға.
- Кенеттен жіті ауру, денсаулықтың кенеттен нашарлауы, шұғыл медициналық көмек талап ететін, созылмалы аурулардың асқынуы.
Сақтандыру мерзімі
Туристің шетелдік сапар шегу мерзімі бойы.
Ерекшеліктері
- Дербес менеджер оңтайлы ережелері мен тарифтерін іріктейді, шартты кеңсеге жеткізеді және төлем алу жолдары бойынша кеңес береді
- Тиімді сақтандыру тарифтері және қосымша опциялар
- Тез сақтандыру төлемдері.