Сақтандыру нарығын цифрлеу: Қазақстанда онлайн полистерін кім сатып алады

Өткен жылдың басында Қазақстанда электрондық полистер енгізілді. Осының арқасында, автокөлік иелеріне сақтандыру компаниялардың офисіне бару, агенттердің қызмет көрсетуін пайдалану және де, өзімен бірге қағаз полисін алып жүру қажеттілігі жоққа шықты.

Бұдан былай, сақтандырушының сайтында онлайн сақтандыруға болады. Сіздің телефоныңызға полистің нөмірі көрсетілген SMS хабарлама келеді. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары өз статикасын талдап, онлайн сақтандырудың орташа статистикалық сатып алушының суретін бейнеледі.


Бәрін алғанда, Қазақстанда қанша электрондық полис сатылды


Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, қазақстандық автокөлік иелері-жеке тұлғалар, 2019 жылы 4,8 миллион ОГПО міндетті автосақтандыру полисін сатып алды. Бұл өткен жылға қарағанда, 8,8% астам. Заңға сәйкес, былтыр ресімделген сақтандыру полистері электронды деп саналғанымен, барлық сатылған полистерді онлайн сақтандыруға жатқызуға болмайтынын ескеру қажет. Себебі оларды қалыпты әдіспен, сақтандыру компаниялардың офисінде, агенттер арқылы немесе Сақтандырушының сайтында онлайн тапсырыс көмегімен ресімдеген.


Бұл жағдайда, тек толық онлайн арқылы сатып алынған полистерді онлайн сақтандыруға жатқызуға болады. Ол үшін, автокөлік иесі жеке өз басы, сақтандыру компаниясының сайтына кіріп, жеке мәліметтерін енгізіп және тапсырысқа банк карточкасымен төлеуге тиіс. 2019 жылы аталған сақтандыру 60 мыңға жуық болған. Бұл жалпы ресімделген полистер санынан 1,23% құрайды.


Мемлекеттік Кредит бюросының мәліметтері бойынша, ең көп онлайн полистерін Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы сатқан. Компания үлесіне, еліміздегі барлық электрондық полистерінің 55,5% жатқызылды. Алайда, компания полистерді ресімдеуді тек 2019 жылдың екінші жарты жылдығында бастағанына қарамастан.


Онлайн полистерін кім сатып алады


Электрондық коммерцияның халықаралық нарығы 2018 жылы $2,86 триллионға биіктеді. Қазақстан нарығы неғұрлым сыпайы – ҚР ҰЭМ мәліметтеріне сәйкес, электрондық бөлшек сауда көлемі 2018 жылы 144,6 млрд.теңге құраған. Бұнда, электрондық коммерция нарығының 68% тауардан тұрады және 32%-қызмет көсетуді құрайды, соның ішінде, авиа-теміржол билеттерін сату, мәдени шаралар мен коммуналдық қызмет көрсетуді алғанда.


Алайда, соңғы жылдары, қаржылық қызмет көрсету көлемі өсуде. Мысалы, QIWI мәліметтері бойынша, қаржылық қызмет көрсетуге 2019 жылы барлық төлемдердің 22% кіргізілген. Бұл жағдайда, аталған операциялар көлемі бір жыл ішінде 33% өскен.


Бұнда, орташа статистикалық сатып алушы-25-34 аралық жастағы адамдар. Аталған жас сегментіне сатушылардың басты үлесі жатқызылады. Олардың соңынан сегментке, жасы 35-44 аралығындағылар кіреді. Көбінесе, олар Нұр Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары. Сатып алу үшін олар смартфонды жиі қолданады, сирек жағдайларда-компьютер арқылы сатып алады.


Жалпы алғанда, бұл орташа статистикалық сатып алушы суретіне тән. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда онлайн сақтандыру полистерін сатып алады:


·       Онлайн сақтандыру полистерін Ер адамдар жиі сатып алады. Барлық сатып алынған ОГПО онлайн полистерінің 89%, ер адамдарға жатады. Бұл жағдайда, Әйел адамдар, терминал немесе басқа сақтандыру тәсілдеріне (9,8%) қарағанда, компанияның сайтында сақтандыруды таңдайды (15,3%).


·       Сатып алушының орташа жасы – 38 жас.


·       Апатсыздықтың орташа деңгейі (бонус-малус) – 10. Бонус-малус көрсеткіші – ол автокөлік иесінің апаттық статистикасына қарасты оған апатсыздық классын тағайындау жүйесі. Ең минималды деңгейі – «М». Ол ЖКО айыптысы ретінде жиі танылатындарға, және полисті бірінші рет сатып алушыларға тағайындалады. Аталған деңгейдегі автокөлік иелері үшін, сақтандыру қымбатқа түседі. Максималды және ең «арзан» класс – 13.


Онлайн сақтандыру – қазақстандық сақтандыру нарығы үшін ең маңызды қадам. Бұл автокөлік иесінің уақытын үнемдеумен қатар, жалған сақтандыру полистерімен күресуге көмектеседі және, автокөлік иесі басқа біреудің кінәсі бойынша ЖКО-ға ұшыраған жағдайда, төлем алалмаған жағдайлардан қорғайды.


«Елімізде электрондық коммерция белсенді дамуда. Қазақстандықтар онлайн сатып алуды жиі қолданады. Бұл көпшілік қолды тауарлар мен қызмет көрсетумен бірге, қаржы өнімдеріне де таралуда. Алынған мәліметтерге қарағанда, онлайн сақтандыру бұл тек «ілгері басқан» аудиторияның айрықша құзыреті емес, бұқаралық көрініс екеніне көз жеткізуге болады. «Электрондық полистер ерекшелігіне сай, онлайн сақтандыру сатып алушылар саны өсетініне біз сенім артамыз», – деп тұжырымдады Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы Басқармасының Төрағасы Дәулет Әкижанов.