Freedom Finance Insurance СК азаматтарды жұмысқа орналастыру жобасын іске қосты

Жаңа жоба шеңберінде, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы жайлы жағдайда табысы айына 100 000 теңге құрайтын қашықтықты жұмысқа орналастыруды ұсынады

Covid-19 пандемиясы салдарынан туындаған карантиндік шаралар нәтижесінде қазақстандықтардың көбісі тұрақты табысынан айырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрі мамыр айында 170 мың жұмыссыз азаматтар тіркелгені туралы мәлімдеді.  


Қиын эпидемиялық және экономикалық жағдайға ұшыраған адамдарға көмектесу мақсатында, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы 2020 жылдың мамыр айында Distant Telesales жобасын құрастырды. Аталған жоба арқасында, қазақстандықтардың кеңсе орнына байланбай және өзін, өзінің жақындарын пандемия қауіпіне дұшар етпей табыс табу мүмкіншіліктері пайда болды. 


Жоба іске қосылған екі ай ішінде, Компания үміткерлермен 30-дан астам келісім-шарт жасасты, және алдағы уақытта қашықтықтағы штатты өсіруді жоспарлайды -200 қызметкерлерге дейін. 


«Компании үшін жоба өте табысты болды.  Жоба іске қосылған сәттен, біздің жаңа қызметкерлеріміз 4 мың сағаттан астам сұхбаттар жүргізді, ал бір менеджерге шағылған орташа сату саны күніне -15 сақтандыру полисін құрады. Әрбір тілек білдіруші біздің Компанияда айына орташа 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін, еңбегіне қарай табыс табуы мүмкін»-деп пайымдады Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы Дәулет Акижанов.


Бұл жұмыс кімдерге қолайлы:


- уәждеме деңгейі биік адамдар үшін;

- жас ата-аналар үшін, қашықтықта жұмыс істеп үй шаруасымен қоса айналысу және кәсіби жетілдіру мен еңбек өтілін ұлғайту мақсатында;

- тұрақты табысынан айырылғандар үшін, көпшілікпен бірге қиын қаржы жағдайына ұшыраған адамдарға;

- үйден шығуға және кеңсеге үнемі баруға сескенетіндер үшін. 

Қашықтықта жұмыс істеу тәжірибесімен және пікірлерімен Distant Telesales жаңа жобаның қызметкерлері бөлісті:


«Мен карантин кезінде негізгі табыс көзінен айырылған қарапайым жігітпін. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясында жұмыстың ең бастапқы кездерінде, клиентпен сұхбаттасу барысында микрофонға артық тыныстаудан қорқатынмын, ал қазір күніне 80 қоңырау шаламын, 2-4 полис сатып, сүйікті музыканы тыңдау мүмкіндігім бар.  Мен өте жағымды мүмкіншілікті пайдаландым, пандемия кезеңінде үйден шықпай табыс табу және сонымен қатар, өзімді, жақындарымды зарардану қауіпіне ұшыратпай» - деп баяндады Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының сату жөніндегі менеджері Дәнияр Жабаев.   


«Мен екі кішкентай баламды тәрбиелеймін. Бұл Компанияға сату тәжірибесіз келдім, және бірінші айдан бастап, 100 000 теңге табыс таптым. Бұл бастамасы, сенімдімін. Бұл жұмыстың бірнеше жағымды жақтарын белгіледім. Біріншіден, ешкіммен жанаспайсыз. Екіншіден-жол шығыны жоқ. Сондай-ақ, отбасына көбірек назар аударуға болады» - деп баяндады Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының сату жөніндегі менеджері Наталья Ахметова. 


- Біз ресми және уақтылы табыс алу үшін барлық жағдайын жасаймыз. Біздің Компанияда шексіз өсуге болады, кәсіби және қаржылық деңгейде. Экономиканың тұрақсыздығына байланысты, бұл біздің азаматтар үшін өте жағымды шешім-деп тұжырымдады  Дәулет Акижанов. 


Егер сіз Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы командасының бөлігі болғыңыз келсе, ffinswork.kz бетінде сауалнаманы толтырыңыз.