Қазақсандық қыздары автосақтандыру ресімдеу кезінде автомобиль ұтып алуда

Freedom Finance Insurance жариялаған ұтыс ойыны нәтижесінде, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларының екі қазақстандық қыздары жаңа Hyundai Accent седанының иегерлері болды.

Сақтандыру компаниясы 2019 жылдан бастап, ffins.kz. сайтында автосақтандыруды ресімдейтіндер үшін 20 автомобиль және мыңдаған басқа құнды заттар ұтысын өткізуде. Әзірше автомобиль иегері болып тек қыздар шығуда. Былтыр Орал қаласының тұрғыны Жарқын сәттілікке бөленді, ал 2020 жылы екінші бақытты жеңімпаз болып Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 22 жастағы Меруерт Насуруллаева шықты. 

 

Жақында Меруерт Алматыға келді. Freedom Finance Insurance Бас офисінің алдында оны сақтандыру компаниясының қызметкерлері жаңа седанның кілттерін тапсыру үшін, қарсы алды. Меруерттің айтуына қарағанда, бұл оның өміріндегі ең бірінші ірі ұтысы.

 

«Менің көлік басқару өтілім – 4 жыл. Сақтандыру компаниясының сайтында сақтандыруды мен екінші рет ресімдеп отырмын. Маған ұнағаны, ешқайда барудың қажеті жоқ және Полис ресімдеуге 5 минут қана уақыт кетеді.  Таблода цифрлер пайда болды, мен екеуін таңдадым. Машина ұтып алғанымды естігенімде өте таңғалдым. Көңілім сүйсінді деп, жай айту жеткіліксіз»-деп әсер ойымен бөлісті Меруерт.

 

Екі автоиегерінен басқа, 350-ден астам қазақстандықтар смартфон, ноутбук, теледидар, бейнетіркеуіштер және пауэрбанктер ұтып алды.

 

Ұтыс ойынның іске асу қағидасы өте қарапайым: Полис сатып алынғаннан кейін, таблода цифрлер пайда болады, бұнда 144 ұяшық ішінен екеуін таңдау керек. Екі ұтыс ұяшығы тұра келсе, клиент таңдаған ұяшықта көрсетілген жүлдені алады. Ұтыс ойынның адалдығына күмәнсіз болу үшін, ойын алдында, жүлделі ұяшықтар орналасқан ақпарат шифрленген кодын алуға болады.  Бірақ оның шифрін, тек ойын аяғында ашуға болады, және сол арқылы ойынның адал екеніне көз жеткізесіз.

 

«Автомобиль және басқа жүлделер ұтып алу ойынына ОГПО, КАСКО немесе ДГПО автосақтандыруды ffins.kz.сайтында немесе автоЦОНдарда орналастырылған арнайы терминалдарда, сондай-ақ, QIWІ терминалдарында ресімдеген әр авто көлік иесі қатысуына болады. Бақытын сынап көруге және автомобиль ұтып алуға, полис төлемін жарты жылға кейін қалдырып ресімдегендер де қатысуы мүмкін. Полис төлемі комиссиясыз және артық шығынсыз атқарылады, ал полисті қолдану мерзімі, ресімделген күнінен кейінгі күннен басталады-деп түсініктеме берді Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы Басқармасының Төрағасы Дәулет Акижанов.