S&P ffins.kz және IC London-Almaty рейтингтерін қайта қарады

S&P Global Ratings Агенттігі Freedom Insurance компаниясының ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+» «рейтингін kzBBB-» рейтингіне дейін көтерді, сондай-ақ, , Компанияның кредиттік рейтингі мен қаржылық тұрақтылық рейтингін «В» деңгейінде Credit Watch Positive тізімінде орналастырды. Рейтингтері, Freedom Holding Corp. «Лондон-Алматы» СК иеленгені туралы жариялауына байланысты қайта қарастырылған.

Рейтингі Credit Watch тізіміне орналастырылуы, қосылудан кейінгі Компанияның шоғырландырылған капиталының мөлшері ұлғаятынын, ал бәсекелестік позициялары- нығаятынын көрсетеді. 

S&P Global Ratings: 

«Біз, екі сақтандыру компаниясы қосылғаннан кейін, , және де, интеграциялау мақсаттарына жету үшін тұрақты үдеріс, капитализациялау және табыс түсіру көрсеткіштерін жоғарлату, нарықтық позицияларды жақсарту және шоғырландыру негізінде активтер сапалығының көрсеткіштерін сақтау арқылы, Freedom Insurance рейтингін көтеруіміз мүмкін». 

Сонымен қатар, Freedom Insurance (FFI) рейтингі FRHC (B-) несие портфелінен екі саты жоғары, өйткені сақтандыру компаниясының несиелік сапасы топтың несиелік профилі нашарлаған кезде де тұрақты болып қалады. Бұл FFI операциялық тәуелсіздігімен және компанияның тұтынушылар базасы мен басқа топтық компаниялармен нарықтық тауашалар арасындағы шектеулі сәйкестігімен түсіндіріледі. 

Агенттік сондай-ақ «Лондон-Алматы» СК ұзақ мерзімді несиелік рейтингі мен қаржылық тұрақтылық рейтингін «ВВ-»-ден «В+» деңгейіне, ұлттық шкала бойынша «kzA-»-ден «kzBBB+» деңгейіне дейін төмендетті, болжам «оң». Сонымен бірге, S&P Global Ratings компанияның жеке несиелік профилін бұрынғысынша «BB-» деңгейінде бағалайтынын атап өтеді. 

Сонымен қатар, агенттік IC London-Almaty қазақстандық нарықтағы, атап айтқанда, капитал жеткіліктілігінің жоғары коэффициенттерімен және қажетті қайта сақтандыру қорғанысының болуымен қамтамасыз етілген корпоративтік сақтандыру сегментіндегі бәсекеге қабілетті позицияларын атап көрсетеді. 

IC London-Almaty рейтингтері бас құрылымның рейтингтерінен жоғары, өйткені Қазақстандағы реттеу режимі топты қолдау үшін сақтандыру компанияларынан қаражаттың кетуін болдырмайды, осылайша компания Freedom Holding Corp-тен бөлек. Бұл ретте сақтандыру компаниясы топтың бизнесті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда «Фридом Финанс» АҚ мен «Dostyk Leasing» ЖШС Лондон-Алматы СК сатып алу-сату мәмілесін жасады. Тараптар шарттарды орындағаннан кейін IC London-Almaty Freedom Holding Corp. құрамына кіреді, ал IC Freedom Insurance еншілес компанияның қолданыстағы келісім-шарттары мен басқа да міндеттемелері бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді өзіне алады. Біріктіру процесі 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.