2022 жылдың 19 желтоқсанында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі эмитенттің ұзақмерзімді кредиттік рейтингі және «Freedom Finance Insurance» (FFI) СК» қаржылық тұрақтылығының рейтингі «В» деңгейнен «В+» деңгейіне дейін жоғарлағаны және рейтингтерді CreditWatch Positive тізімінен шығарылғаны туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, ұлттық шәкілі бойынша рейтингі өзгерді, "kzBBB-" деңгейінен "kzBBB"деңгейіне дейін көтерілді, болжамы – «Тұрақты».
Жағымды өзгерістері, FFI сақтандыру компаниялары және «Лондон-Алматы» СК бірігуі арқасында болды. Аталған процесс барысында, «Лондон-Алматы» СК өзінің барлық баланстық активтерін, міндеттемелерін және сақтандыру қоржынын FFI-ге аударды, және жеке заңды тұлға ретінде әрекеттенуін тоқтатты. Рейтинг агенттігінің пайымдауына сәйкес, бұл бірігу, мөлшері, нарықтық үлесі және бизнесті әртараптандыру тұрғысынан қарағанда, FFI позицияларын жалпы сақтандыру саласындағы қазақстандық нарығында нығайтады.
Болжамы – «Тұрақты» деген, таяудағы 12 ай ішінде FFI ағымдағы жағымсыз экономикалық жағдайларға төзімді болатыны бойынша, S&P Global Ratings жорамалдауын ақтайды. Бәсекелестік позициясының нашарлауына және капитализациялау көрсеткіштерінің түсуіне жол бермейтіні айқын. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясының активтерін қаржыландыру сапасы тұрақты болуына, Агенттік сенім артады.
S&P Global Ratings:
«Рейтингтің жоғарлауы, екі сақтандыру компаниясы 2022 жылдың 19 желтоқсанында бірккеннен кейін басталды. Біздің ойымызша, FFI көрсеткіштеріне жағымды әсерін, нарықтық позицияларын нығайту және ішкі нарықта әрекеттену аясын кеңейту, сонымен қатар, сақтандыру қоржынын әртараптандыруды көтеру және корпоративтік клиенттер базасын ұлғайту береді. Біздің бағалау бойынша, FFI шоғырландырылған нарықтық үлесі 2023 жылы, жазылған сақтандыру сыйлықақысы-бруттоның шамамен 4-5% құрайтын болады және келешекте өсуін жалғастырады. Және де, FFI нарықтағы жағдайының жақсаруы, ірі ойыншылармен бәсекелесуге көмектеседі деп ойлаймыз, атап айтқанда, компания оларды дамытуды жоспарлаған, ерікті автосақтандыру және корпоративтік тәуекелдерді сақтандыру саласында. Сонымен қатар, 2023 жылы, біріккен компанияның болжанған жалпы капиталы, шамамен 26 млн АҚШ долларын құрайтын болады, және де, FFI капиталының жеткіліктігі, сақтандыруға қабылданған тәуекелдеріне сайма-сай келеді деп жорамалдаймыз. Біздің көзқарасымызға сәйкес, сақтандыру компаниясының бизнес топтарын холдинг ішінде әртараптандыру ниетін жүзеге асыру бойынша, ұзақмерзімді даму стратегиясын жанандырудағы ролі өте маңызды.».
Freedom Insurance СК Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Азамат Керімбаев:
«Екі СК бірігуі, Freedom Insurance СК келешектегі дамуына маңызды ықпал жасауы, әлбетте, маңызды. Алайда, 2019 жылдан бастап, жаңа цифрлік технологияларды құрастыру және енгізу арқасында біз онлайн-сақтандыру саласында үздік компания екенімізді атап өту қажет».
«2022 жылдың сәуір айында, компания Қазақстанда алғашқы рет, ОГПО автосақтандыруды Жазылым бойынша ресімдеуді іске қосты, ол бір жылға ресімделеді және дер кезінде жаңартылады, егер клиенттің сервисті алдағы уақытта қолдану ниеті болса. Ал 2022 жылдың қараша айында, Freedom Insurance СК – ЖКО кезінде онлайн-төлемдерді жүзеге асыру бойынша цифрлік платформаны – dtp.kz. іске қосты. Енді аталған сервис арқылы, сақтандыру жағдайы басталғанда қазақстандық автоиелері құжаттармен сарсаңға салынбай және офиске бармай, 5 күн ішінде өтемақы алулары мүмкін. Ол үшін, тек ЖКО орнында өтініш жазу жеткілікті, және төлемді бірден картаға алу мүмкін.»