Freedom Holding Corp. қолдауымен «Vision Zero Almaty» концепциясының тұсаукесері өткізілді

14 сәуірде Алматы қаласында, жабық «Клуб Т» аумағында Freedom Holding Corp. қолдауымен, екінші рет дөңгелек үстел өтті. Отырысқа көлік саласындағы сарапшылар, сақтандырушылар, сәулетшілер, урбанистер, қала белсенділері және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Модератор ретінде жетекшісі Яков Федоров – блогер, урбанист. 


Кездесуде Оңтүстік астанадағы жол жүрудің келелі мәселелері талқыланды. Қатысушылар Vision Zero әлеуметтік жобасы арқылы жүргізушілер мен жолаушылар үшін жағымды жағдай жасауға талпынуда. 


«Freedom Holding Corp. қоғамның қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаларын белсенділікпен қолдайды. Vision Zero Almaty жоспарына сәйкес, біз қала жолдарында жазатайым оқиғалар санын азайтуға көмектесетін жаңа реформаларды қарастыруға және енгізуге бағытталғанбыз», -  деп Freedom Global PLC директоры Бағлан Мұсинның ESG баяндады. 

«Vision Zero Almaty» сәулетшісі және сарапшысы Давид Камински тұсаукесерінде, 2022 жылы ҚР орын алған ЖКО салдарынан келтірілген экономикалық нұқсаны 3,3% ЖІӨ құраған, атап айтқанда, 7,3 млрд доллар. Сондықтан, қатысушылардың басты мақсаты-статистиканы нөл деңгейіне түсіру.


«Қауіпсіз, жайлы қалалық қоршаған ортасы және жол жүру қолайлығы-барлық азаматтардың негізгі құқы, табысы, әлеуметтік мәртебесі, денсаулық ахуалы және өзге де ерекшеліктеріне тәуелсіз. Vision Zero Almaty концепциясы шеңберінде қалалық қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қолжетімді ету, азаматтардың қазіргі жағдайда қала жолдарында қауіпсіз және жайлы жүру мүмкіншіліктеріне тосқаул жасайтын кедергілерін жоққа шығарады. 


2023 жылғы бағдарламалардың бірінші кезекті мақсаттары, 5 көшелерінде: Тілендиев, Тұргұт Озал, Манас, Байзақов және Қалдаяков көшелерін жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, Vision Zero Almaty элементтерін енгізу арқылы, 12 көше қиылысын қайта жөндеу жоспарлануда.


Бағдарлама келешегінде, 2030 жылға дейін қаладағы жылдамдық тәртіптемесін 60 км/с деңгейінен, сағатына 30км дейін азайту жоспарын құрастыру, әлеуметтік объектердің қауіпсіз аумақтарын жасау, бағдаршам белгілерін қажетіне қарай, жаппай қолдану, жолаушылардың қатысуымен болған әр ЖКО-ны тергеу және, туғызған себептерін жою шараларын қолдану мен басқа атқарымдарын жүзеге асыру», - деп мәлімдеді Давид Камински. 


Алматы қаласы бойынша ЖП әкімшілік полициясының Басқармасы бастығының орынбасары Баятанов Болатбектің айтуына сәйкес, адамдар көп жиналған жерлерде және балалар мен жалпы білім беру мекемелерінің аясында 118 жол ақаулары жойылған, 2000 астам жол белгілері орнатылған және басқа тиісті шаралар жасалған.


Спикердің айтуы бойынша, 2023 жылы Алматы қаласының 200 көшелеріндегі ұзындығы 200 км. астам жол жабындыларын жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта, жаңа құрылыстар жанында қосымша жарық аспаптарын және бағдаршамдар орнату жоспарланған, соның ішінде, велобағдаршамдарын.


Freedom Insurance Басқарма Төрағасы Азамат Керімбаев, сақтандыру компанияларына ЖКО санын азайту тәсілдерін қалай қолдану және жол барысында өлім жағдайларын болдырмауға ықпал жасау туралы айтты. 


«Бұның барлығын, қазақстандық автоиелерінің көлік басқару мәдениетін тәрбиелеу жолымен жасауға мүмкін. Жылсайын ЖКО кезінде, шамамен  200 мыңнан артық автокөлік зақымданады. ЖКО көбінесе ірі қалаларда орын алады. Жолдың ең қауіпті телімдері қай жерде екенін және ЖКО қай жерде жиі болатынын ұғыну үшін, біз сақтандыру төлемін алу Өтінішіне тіркелген құжаттарын қарастырамыз. Мысалы, жол-патрульдік полициясының құрастырған ЖКО хаттамасы, оқиға сызбасы, қатысушылардың жазбаша түсініктемелері және басқа құжаттары. Аталған ақпараттар жиынтығы, жолдың ең апатты телімдерін анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тәсілі ретінде, телематика аспаптары болуы мүмкін, олар автоиелердің басқару сапасын бақылайды. Мысалы, қандай жылдамдықпен жүретіндерін, автоиелердің бұзушылықтарын, басқару әдісін және т.б. Бұл мәліметтерге сәйкес, қызық науқандар жүргізуге және ұсыныстар жасауға болады. Ол автоиелерді қызықтырады және ұқыпты басқаруға уәждемелейді», -деп, баяндады спикер. 


Сонымен қатар, «Vision Zero Almaty» тұсаукесері шеңберінде, «Алматыгенплан» ғылыми зерттеу институты ЖШС, Freedom Holding Corp., КГУ «Алматы қаласының жұмылдыру Басқармасы» және  «Q88 Қазақстандық Урбанистер ассоциациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 


Естеріңізге саламыз, «Vision Zero Almaty» шеңберінде, спикерлер алғашқы рет 2022 жылдың 18 қарашасында, Алматы қаласындағы жол жүру қауіпсіздігін жетілдіру үшін тиісті шаралар қабылдауды талқылау мақсатында жиналды.