Еурохаттама бойынша көлік иелері полицияның қатысуынсыз немесе сотқа жүгінбей-ақ, бірақ белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жеңіл жол-көлік оқиғалардың салдарынан көліктерінің зақымдануы үшін сақтандыру төлемдерін ала алады.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасындағы келіспеушіліктің алдын алып, олар апатқа кімнің кінәлі екенін келісе отырып шешу керек. Келтірілген шығын мөлшері әрбір ЖКО-на қатысушы үшін 100 АЕК-тен аспауы керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл 369 мың теңгені құрайды. Сақтандыру жағдайын реттеудiң оңайлатылған тәртiбi бойынша сақтандыру төлемiн іске асырғаннан кейiн сақтандырушыға әрбiр жеке сақтандыру жағдайы бойынша көрсетілген соманың шектi мөлшерiнен асатын залалдарды өтеу туралы қосымша талаптарды қоюға құқығы жоқ.
Және тағы бір келелі мәселе үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірмеу, яғни Еурохаттаманы жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы ғана пайдалана алады. Егер басқа адамдар немесе басқа көліктер зардап шеккен болса, онда бұл жеңілдетілген тәртіп апатқа қатысушыларға қолданылмайды.
Қазіргі уақытта «Еурохаттама» мобильді қосымшасы сынақтан өтуде, оның көмегімен биометриялық сәйкестендіру арқылы сақтандыру ұйымына цифрлық құжаттарды, фотосуреттер мен бейнежазбаларды қосу арқылы өтініш беруге болады. Одан кейінгі кезеңде қосымшаны пилоттық режимде тестілеу өтеді, ол осы жылдың соңына дейін жалғасады.
«Реттеуші әрбір сақтандыру ұйымына өзінің ұялы байланыс қызметін құруға жағдай жасады, осылайша бұл саладағы монополияны жойды», - деп атап өтті Азамат Керімбаев, әрі Freedom Insurance 2022 жылдан бастап DTP.kz онлайн-төлемдер сервисін енгізіп, жұмыс істеп тұрғанын айтты.
DTP.kz – көлік иелері сақтандыру төлемін бірнеше күн ішінде онлайн ала алатын арнайы цифрлық платформа. Ол үшін dtp.kz сайтына кіріп, жеке кабинет ашып, өтініш беру керек. Әрі қарай, нұсқауларды орындай отырып, апат орнында екі көлікті де (сіздікі және жол-көлік оқиғасына жауапты) әртүрлі бұрыштардан, сондай-ақ көлігіңіздің ВИН-кодын суретке түсіру керек. Өтінішке төмендегі құжаттарды тіркеу қажет: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу куәлігі. Мұны «Цифрлық құжаттар» мемлекеттік порталы арқылы жасауға болады. Әрі қарай хаттаманың фотосуретін, жол-көлік оқиғасының сызбасын, түсіндірме жазбасын қосып, электронды өтінішке қол қою керек. Бірнеше рет басу және дұрыс толтырылған жағдайда сақтандыру төлемі 1-7 күн ішінде көлік иесінің картасына жіберіледі.
«Заманауи технологиялар мен сақтандыру секторын цифрландыру бойынша реттеушінің жүргізіп жатқан жұмысының арқасында біз Dtp.kz күрделі жағдайларға арналған бірегей сервисін құрдық. Өтемақы алудың барлық процесі клиенттерімізге қолжетімді болу үшін барынша қысқа мерзімде және өте ыңғайлы цифрлық форматта жүзеге асады», - деп түйіндеді Азамат Керімбаев.