Freedom Insurance Сақтандыру компаниясы рейтинг болжамын «Жағымды» деңгейіне көтерді

2023 жылдың 8 желтоқсанында  S&P Global Ratings «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның рейтинг болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді. Компания ұзақмерзімді кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» деңгейінде растады. Ұлттық шәкілі бойынша рейтингі «kzBBB» деңгейінен «kzBBB+» деңгейіне дейін көтерілді.


Компания сақтандыру нарығында тұрақты дамуын және қаржылық хал-ахуалының елеулі жақсарғанын көрсетуді жалғастыруда. Болжамының көтерілуіне негізгі факторы ретінде, табыстылығының өсуі және компанияның іс-әрекеттеріндегі құбылмалылықтың жоққа шығуы табылады.


Компанияның операциялық көрсеткіштері, тұрақты қаржыландыру табыстары арқасында және сақтандыру қоржынын «тазарту» шараларына сәйкес жақсаруда. Аталған шаралар нәтижесінде, Компанияның меншік капиталының пайдалылығы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны аяғында 40,6% құраған.


Талдаушылар Freedom Insurance топ қызметіне енгізген интеграциялау және операциялық нәтижелеріне, сонымен қатар, топтың өзге компанияларымен тығыз қарымқатынастарына байланысты, оны Freedom Holding Corp. тобындағы стратегиялық маңызды еншілес компаниясы ретінде қарастырады.


Талдаушылардың компанияның қаржылық тұрақтылығына жағымды көзқарастарына сәйкес, бұл компанияның, экономикалық дағдарыс және нарықтық ықтимал құбылыстары жағдайында тұрақты өркендеу қабілеттілігінің белгісі деп таниды.


Freedom Insurance нарықтың өзгермелі ережелеріне жетік бейімделген, бұл оның позияларының нығаюына себепші болады. Компания соның арқасында, нарықтағы жайғасымын стратегиялық жоспарлау және жаңашылықты енгізу жолымен бекітетіні болжануда.