Шара шеңберінде, басты трендтер қарастырылды және Қазақстанның автонарығындағы, сонымен қатар, кредиттеу, сақтандыру және автобөлшектерін сату бойынша ілеспелі салаларындағы ахуалына талдау жасалды. Цифрлік шешімдер және қызмет көрсету түрлеріне ерекше назар бөлінді. Freedom компаниясының экожүйесінің топ-менеджерлері (Freedom Finance Insurance Басқарма Төрағасы Азамат Керімбаев, Freedom Drive ЖШС Директоры және Freedom Mobile ЖШС Директоры Виктория Новичкова, «Фридом Финанс Қазақстан Банкі»АҚ бизнесті дамыту Департаментінің Директоры Ялкунчан Ганиев), сонымен қатар, CTOgram, Autobody және ToiDrive негізін қалаушы Жандос Турсумбаев қызықты және көкейтесті ақпаратымен бөлісіп, журналшылардың сұрақтарына жауап берді.
Алаңда, Freedom Finance Global компаниясының бастамасы бойынша, Қазақстан автонарығын кең ауқымды зерттеудің тұсаукесері алғашқы рет өтті. Зерттеудің нәтижелерін, оның авторы-қаржылық талдау жасау Департаментінің талдаушысы Аңсар Абуев ұсынды.
Зерттеуге сілтеме арқылы өтуге болады: https://ffin.kz/kk/research/11-qazaqstannynh-avtonaryghyn-zertteu-salanynh-transformatsiyasyn-taldau