
Freedom Insurance қосымша сақтандыру түрлерімен (класстарымен) жаңартылған лицензия алды. № 2.1.16 құжат 2025 жылғы 12 наурызда берілді.
Жаңа лицензияға сәйкес сақтандыру компаниясы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген түрлерін (класстарын) қоспағанда, жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыра алады, сондай-ақ қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру бойынша қызметтер көрсете алады. Лицензия мүмкіндігін кеңейту Freedom Insurance-ке сақтандыру қызметтері нарығындағы өз позициясын нығайтуға және клиенттерге неғұрлым жан-жақты шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.
Freedom Insurance сақтандыру нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді және жаңартылған лицензия компанияның жеке және заңды тұлғаларға ұсына алатын қызметтер ауқымын айтарлықтай кеңейтеді.
Компания өнім желісін кеңейту және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру стратегиясына сүйене отырып, сақтандыру нарығында өз қызметін белсенді дамытуды жалғастыруда.