КАСКО сақтандыру полисін 20–30% арзанға қалай сатып алуға болады

КАСКО автосақтандыру – мүлікті қорғаудың сенімді әрі маңызды құралы. Бұл полис жол-көлік оқиғасы, ұрлық, өрт және басқа да күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, залалды азайтуға және автокөлікті жылдам қалпына келтіруге көмектеседі. Полис бағасы неге байланысты, 20–30% үнемдеудің жолдары қандай және қазақстандықтар қандай қосымша опцияларды таңдайды – бұл жайлы Freedom Insurance компаниясының басшысы Азамат Керимбаев, Еуразия компаниясынан Нұржан Жантөреев және Jusan Garant компаниясынан Рамазан Әсилов айтып береді.