Қазақстандық автоиеленушілер міндетті автосақтандыру полисін арнайы терминалдардан сатып ала алады

«Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы қазақстандық нарыққа сақтандыру терминалдарының жаңа технологиясын ұсынып отыр. Енді міндетті автосақтандыру полисін автоЦОН-дарда және көлік бастапқы тіркелген орындарда ресімдеуге болады. Бұл қызмет маусым айының бірінші жартысында Қазақстанның барлық ірі қалаларында қолжетімді болмақ.


Автоиеленушілер енді қазақстандық нарыққа енгізіліп отырған жаңа технология арқасында полисті бірнеше минуттың ішінде жаздырып ала алады. Ол үшін ұялы телефонның нөмірін енгізген жеткілікті. Қалған шаруаның бәрін терминалдың өзі атқарады, оның ішінде жеке басын куәландыратын куәліктің, көлік жүргізуге құқық беретін құжаттың және техникалық төлқұжаттың сканын жасап, сақтандырудың қажетті шарттарын лайықтап алуға көмектеседі, полис жазып береді. Ақыны қолма-қол ақша арқылы немесе банк картасымен төлеуге болады. Полистің өзі электронды почтаға және SMS арқылы ұялы телефонға келеді. Сонымен қатар автоиеленуші қолына барлық қажетті ақпарат көрсетіліп қағазға шығарылған сақтандыру сертификатын ала алады.


Алдағы уақытта автоЦОНдарда бірден 400 терминалды іске қосу көзделген.


Тимур Турлов, «Freedom Finance Insurance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы:

«Электронды полистер қазақстандық сақтандыру нарығының дамуын жылдамдататынын бәріміз түсінеміз. Бұдан ешкім ұтылмайды. Сақтандырушылар сақтандыру агенттеріне тәуелділіктен,оларға көп комиссия төлеуден арылады.Ал, үнемделген қаржыларын қызмет сервисін жетілдіруге жұмсайтын болады. Өз кезегінде автоиелері сенімді сақтандыру қорғанысына,сапалы сервиске, сақтандырудағы ыңғайлылыққа қол жеткізеді. Бәлкім бүгінде автоиелерінің бәріне бірдей полистерді онлайн тіркеу ыңғайлы болмауы мүмкін,өйткені көп адамдар қағаз полистерге және сақтандыру компанияларының кеңселеріне баруға әдеттенген. Міне, сондықтан да біз сақтандыру терминалдарын енгіздік.Бұл терминалдар қағаз полистер толтыру мен онлайн-сақтандыру арасындағы аралық кезең болмақ».

Сонымен қатар көлік иелерінің «Freedom Finance Insurance» АҚ беретін  міндетті азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру  полисін Qiwi терминалдарында да толтыруға болады. Бұл қызмет Қазақстан бойынша 16 мыңдай терминалда іске қосылған. Полис алу үшін ұялы телефон нөмірін, ЖСҚ, автокөліктің мемлекеттік нөмірін (немесе автокөлікті тіркеу куәлігінің нөмірін) толтыру керек. Төлем жасаудың екі түрі бар: қолма-қол немесе Qiwi-әмиян арқылы.Qiwi терминалдарының аумақтық орналасуы ауқымды болғандықтан, республикамыздың алыс өңірлерінде тұратын адамдар да автокөліктерін сақтандыра алады.


«Freedom Finance Insurance» АҚ сақтандыру терминалдары, сайт және  Qiwi терминалдары арқылы онлайн-сақтандыруға ден қоймақ. Сол себепті компания үйреншікті сату офистері, филиалдар және сақтандыру агенттерімен жұмыс істеуден бас тартып отыр. Бұған қарамастан, компания сервистік қызмет көрсету мен сақтандыру төлемдеріне үлкен назар аударуда. Мәселен, Қазақстанның әр ірі қаласында апаттық комиссариат қызметі болады. Бұл кез-келген жол апатын шұғыл түрде елеуге мүмкіндік бермек. Компанияда келтірілген шығын көлемін есептеу процесі автоматтандырылған, бұл келтірілген залалды бірден жол апаты болған орында бағалауға мүмкіндік береді. Соның арқасында клиенттер зақымданған көлікке дәл қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анық білетін болады. Егер жол апатынан келтірілген шығын сомасы 350 000 теңгеден аспайтын болса, тікелей реттеу тәртібі арқылы көлік иеленушелер төлемді бір сағаттың ішінде банк картасы арқылы ала алады.


Тимур Турлов, «Freedom Finance Insurance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы:

«Біз өз өнімімізге және таңдап алған стратегиямызға сенімдіміз-қазақстандық автоиеленушілерді  сенімді және ыңғайлы сақтандыру. Алдағы жылдың өзінде компания міндетті автосақтандыру нарығының 10 пайызына ие болып, 200 000 полис сатпақ. Болашақта ол КАСКО ерікті сақтандыру қызметін дамытумен және оны сақтандыру терминалдары арқылы жүзеге асырумен айналыспақ».


Сонымен қатар «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ ауқымды акцияны қолға алып отыр. 20 автомобиль мен 1000 бағалы жүлде ойнатылмақ, оның ішінде смартфон, ноутбук, телевизор және басқа заттар бар.