Авто ұрлау көрсеткіштері ең жоғары елдер

Freedom Finance Insurance компаниясының сарапшылары қай елдерде автомашиналарды жиі айдап кететінін және ұрлық көрсеткіштері ең төмен елді анықтады.

ҚР ІІМ мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде, 1 733 автомобиль ұрланған. 2019 жылы 1 490 айдап кету жасалған, демек, 2018 жылмен салыстырғанда, 22% төмен. Айдап кету зардабын ең жиі шегушілер Toyota, Lada, Mazda, Honda, BMW, Hyundai иелері.


Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясында ашық көздер мәліметтері негізінде, автоұрлық статистикасы қазақстандық оқиғалардан 70%, ал кейбір жағдайларда тіпті 99% асатын елдерді айқындады.

АҚШ

Америкалық сақтандырушылардың ақпараты бойынша, АҚШ-та әрбір 42 секунд ішінде машинаны айдап кетеді. 2018 жылы 749 мыңға жуық автомобиль ұрланды. Айдап кетушілер арасында, ең танымал маркасы болып Dodge Charger, Dodge Challenger, Chevrolet Silverado, GMC Sierra, Nissan және Infiniti саналады.


Еуропа

Eurostat мәліметтері бойынша,  2018 жылы жол көлігін ұрлаудың ең көбі Италияда тіркелген  (141 132), Ұлыбританияда (126 516) және Германияда (50 440). Ең азы –  Лихтенштейн корольдығында (5), Монтенегро (31), Косово 214) және Албанияда (252).


 2008 -2018 жылдар аралығында,  автоұрлық саны Италияда айтарлықтай төмендеді- 39%. Алайда, күні бүгінге дейін Италия антирейтингте басымды орында.  Ең көп айдап кету Рим, Неаполь және Миланда. Авто ұрлықшылары  Fiat, Lancia Y және Volkswagen Golf артық көреді.


Біріккен Корольдықта автокөлікті айдап кету бойынша ең жоғары көрсеткіштері Англия және Уэльсте тіркелген  – 126 мың оқиға. Британдық айдап кетушілері Mercedes-Benz C-Class және BMW X5 артық көреді.


Неміс сақтандырушылары, 90-шы жылдардың ортасында  Германияда жылына 100 мыңға жуық автоұрлық жасалғанын хабарлайды. Шамамен 25 жыл ішінде, айдап кету саны екі есе азайған.  Көбінесе автомашиналарды  Берлин, Лейпциг, Гамбург және и Ганноверде ұрлайды. Ең азы –  Бавария мен Баден-Вюртембергте. Айдап кетушілер ең қымбат машиналарды таңдайды, мысалы, VW, BMW, 1934 Audi және 1671 Mercedes.

Австралия

Бұнда жылсайын 100 мыңға жуық автоұрлық жасалады. Австралиялықтар көбінесе  өздері жасап шығарған автомобильдерді ұрлайды, атап айтқанда, Holden Commodore және Falcon Forte. Сонымен қатар, айдап кетушілер арасында Hyundai және Toyota маркалары кең тараған.

ТМД елдері

ТМД елдерінде көрсеткіштері Еуропа, АҚШ және Австралия елдерінен төмен. Бұнда соңғы жылдары айдап кетудің ең максималды саны Ресейде тіркелген. Екінші орында Украина, үшінші орында-Қазақстан.

Ең аз айдап кету Қырғызстан, Беларусь және Арменияда. 


Армени яда жылына,100 мың тұрғынға шаққанда, 2 машинадан кем ұрланады.

Қырғызстанда 2017 жылы 262 автоұрлық тіркелген. Ең кең тараған, айдап кеткен автомашиналар маркасы– Honda, Daewoo, Volkswagen және Mazda.


Беларусьта 2019 жылдың 10 айы ішінде, 596 автомобиль ұрланған, оның 552 құқық қорғау органдары автоиелеріне қайтарған. Республикада ең жиі ұрланатын  маркалары ВАЗ, Volkswagen және Audi.

2018 жылы УкраинаБас Прокуратурасының мәліметтеріне сәйкес, 4 405 автомобиль ұрланған, ең көбі Киевте. Жиірек қымбат емес сегменттегі автомашиналар ұрланады, атап айтқанда, ВАЗ және Daewoo, одан қымбатырақ – Toyota, Mercedes, BMW, Honda.


2019 жылы Ресейде 21 112 автоұрлық тіркелген, алайда, 2018 жылы 20% астам болған (26 441 оқиға). Ресейлік айдап кетушілер отандық маркаларын таңдайды, сонымен қатар Жапония, Корея автошығарушыларының маркаларын артық көреді.