Қай елдерде автомобиль қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, қай елдерде автомобиль қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары екенін анықтады.

ВОЗ мәліметтері бойынша, дүниежүзінде жылсайын ЖКО салдарынан 3 милионнан астам адамдар қаза табады және жарақаттанады. Талдаушылардың болжамына сәйкес, 2030 жылына қарай бұл көрсеткіш жылына 3,6 миллион адамға дейін ұлғаяды.  Жол апаты өлімге апарған елдер ішінде, 100 мың халыққа шаққанда ең жоғары көрсеткішкі бар Қазақстан болуы мүмкін.  ҚР ҰЭМ Комитетінің мәліметтері бойынша, былтыр елімізде 13,5 мыңнан астам ЖКО тіркелген, оның нәтижесінде 20 мыңға жуық адам зардап шеккен.  100 мың халыққа есептеп шаққанда, бұл 105 адам құрайды.  


Жол апатынан зардап шеккендердің санын азайту үшін, жолаушылардың, сонымен қатар, автоиелерінің және олардың жолаушыларының қауіпсіздік деңгейін көтеретін арнайы шаралар қолдануда. Мысалы, жол бойында бейнебақылаулар орнатылған, олар жылдамдықтың асуын тіркейді, жол жүру жылдамдығын шектейді, көшелерді қадағалайды, түн мезгілінде жарық беруді жақсартады, жүретін жол телімдерін жөндейді, жаңа жол салады.   


Жолдағы қауіпсіздікті жоғарлататын «сырт» жағдайларын жасағанның өзінде, келесі мәселе ашық қалады-автомобиль қауіпсіздігінің шаралары. Дәл соларды бұзу, жолдағы өлімге апарады. Қауіпсіздік белдігін және баланы қорғау құрылғыларын пайдаланбау, ұялы телефонмен сөйлесу, масайған халде көлік басқару-осының кесірінен жылсайын жол жүру қатысушыларының көбісі қаза табады.  


Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары ВОЗ мәліметтерін талдап, қазақстандық автоиелері арасында сауалнама жүргізді. Алынған мәліметтер, қай елдің автоиелері автомобиль басқару кезінде қауіпсіздік шараларына немқұрайлықпен қарайтынын анықтауға көмектесті.


Автомобильде қауіпсіздік шараларын сақтау

Қауіпсіздік белдігін пайдалану. Бұл ережені сақтау, жүргізушіні және алдағы креслода отырған жолаушыны өлімнен 50% жағдайларда сақтап қалады, ал артта отырған жолаушыларды – 25% жағдайларда.

Қауіпсіздік белдігін тағу-қазақстандық автоиелеріне міндетті ереже. Оны бұзғаны үшін,-5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.


Қауіпсіздік белдігін көбінесе Франция, Германия, Норвегия және Солтүстік Ирландия азаматтары пайдаланады – барлық автоиелерінің 98%. Ең аз пайдаланатындар –  Солтүстік Македонияда, Әзербайжан және Черногорияда – 20–40%.

Freedom Finance Insurance мамандары қазақстандық автоиелері арасында сауалнама жүргізді және сұраққа жауап бергендердің 92% қала шеңберінде және шапшан жүру трассаларында қауіпсіздік белдігін тағатынын анықтады, 6% - қауіпсіздік белдігін тек қала көшелерімен жүргенде тағады, ал 2% - бұл ережені елемейді. 



Баланы қорғау құрылғыларын пайдалану .Балаларды тасымалдау кезінде қорғау құрылғыларын ең жиі Португалия, Германия, Эстония және Финляндияда пайдаланады – 97-100%. Ең аз –  Босния және Герцеговинада, Италия және Сербияда 28–40%.


Сақтандыру компаниясы сауалнамасының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда қорғау құрылғыларын (соның ішінде, КҚ артқы орнына балалар креслосын қондыруды) автоиелердің 89% қолданады.


Мастану халінде көлік басқару .Алкогольдік және есірткелік мастану күйінде ЖКО кезінде қаза тапқан және зардап шеккендер саны әлем бойынша АҚШ, Ирландия және Словенияда ең көп – 32–40%, құрбан болғандар саны ең аз – Қазақстанда, Болгария және Солтүстік Македонияда (1%).

ҚР ІІМ мәліметтері бойынша, 2020 жылы Қазақстанда мастану халінде көлік басқарғандардың 26 мыңға жуығы айқындалған. Естеріңізге саламыз, аталған бұзушылық үшін, жүргішілерге әкімшілік жаза қолданады-15 тәулікке тұтқындау және көлік басқару құқынан 7 жылға айыру.



Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану. Бұл жағдайда жүргізушінің апатқа ұшырау ықтималы 4 есе өседі, ал хабарламаның мәтінін теру кезінде 6 есе ұлғаяды.  

47-ден астам елдерде көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған (құлақ қалқанын қолдануды және дыбысты байланысты алмағанда). Аталған себеп бойынша зардап шеккендер және қаза тапқандар саны ең көп АҚШ-та  – 2020 жылы ішінде,  3,1 ыңнан астам адам.


Қазақстанда, Freedom Finance Insurance сауалнамасының мәліметтеріне сәйкес, көлік басқару кезінде 86% ұялы телефонды пайдаланбайды немесе дыбысты байланыс арқылы сөйлеседі.


Одан басқа, кейбір елдерде жүргізушілерге тәуекел туғызуы мүмкін, көрер көзге зиянсыз әрекеттерге де тыйым салынады. Мысалы, Германияда көлік басқару кезінде кез келген, соның ішінде, алкогольсыз ішімдітер пайдалануға тыйым салынған, ал Австралияда – құлақ қалқаны арқылы музыка тыңдауға және шапшан трассалар бойынша түнгі мезгілде жүруге тыйым салынған.


Зардап шеккендері бар ЖКО басталған жағдайда, сақтандырушылар бірінші кезекте жедел көмек көрсету қызметін және жол полициясы қызметкерлері мен апаттық комиссарды шақыртуға кеңес береді. Автомобиль орнынан қозғалмау керек. Егер нұқсан мөлшері 350 мың теңгеден аспайтын болса, сақтандыру компаниясы өтемақыны оқиға болған жерде жүзеге асыруы мүмкін. Төлемдер бойнша аталған қызмет түрі тек  Freedom Finance Insurance СК қолданылады. Сонымен қатар, ОГПО және КАСКО полистерін компания сайтында онлайн 5 минут ішінде ресімдеуге болады.