Toyota Camry қазақстандық автоиесінің бейнесі

Қазақстандағы автоның ең танымал маркасы жүргізушісінің аты кім, ол қай аумақтан, жасы нешеде және оның басқаратын көлігінің жасы нешеде екенін Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында анықтады.

2021 жылы маркасы Toyota автомобилі, автоиелер арасында ең танымал машиналар ішінде үздік позицияларына жатқызылған. Ол тек Қазақстанда емес, басқа елдерде де солай.

Best Selling Cars шетелдік талдаушыларының айтуына сәйкес, 2021 жылдың 6 айында дүниежүзінде ең көп сатылған  маркасы Toyota автомобилі (2 млн бірліктен астам). Машина 44 елде жариялы, соның ішінде, Қазақстанда. Осы жылдың тамыз айында, АКАБ мәліметтері бойынша, сатылымдағы авто арасында Toyota үздіктер үштігіне кірген – 1 012 бірлік.

Сондай-ақ, Freedom Finance Insurance СК хабарлайды, олардың мәліметтер базасына сәйкес, қазақстандық автоиелері маркасы Toyota автомобиліне ОГПО автосақтандыруды жиірек ресімдейді-Компанияда сақтандырылған барлық машиналардың 14% . Ал 2021 жылы ең танымал моделі болып Toyota Camry жарияланған – СК сақтандырылған барлық машиналардың 5%.


Toyota Camry қазақстандық автоиесінің бейнесі

Жынысы, аты, жасы.2021 жылы Toyota Camry бойынша автосақтандыруды ресімдеген автоиелер арасында 92% ерлер және 8% әйелдер құрайды.

Ерлер ішінде автоиесінің аты Ерлан жиі кездеседі – 3%, Руслан және Нұрлан – 2,4%, Азамат – 1,3%.

Әйелдер арасында үздік аттар: Динара – 6%, Айгүл – 4%, Гүлмира және Әсел –3%.

Camry басқаратын ерлердің жасы – 35 – 40 жас аралығында, ал әйелдер – 25-30 жас аралығында.


ҚР аумағы.Toyota Camry автоиелерін жиірек Алматы облысында – 16% және Алматыда – 13% кездестіруге болады, осы автоның маркасымен сақтандырылғандарды алғанда. Сонымен қатар, Camry машинасын Түркістан және Жамбыл облыстарында жиі кездестіруге болады – 12% және 11%.


Аумақ №

Аумақ

Тіркелген Toyota Camry саны,

 %

05

Алматы облысы

16

02

Алматы

13

13

Түркістан облысы

12

08

Жамбыл облысы

11

01

Нұр-Сұлтан

10

17

Шымкент

8

11

Қызылорда облысы

6

06

Атырау облысы

4

09

Қарағанды облысы

4

03

Ақмола облысы

2

04

Ақтөбе облысы

3

12

Маңғыстау облысы

4

07

Батыс Қазақстан облысы

2

14

Павлодар облысы

2

16

Шығыс Қазақстан облысы

2

10

Қостанай облысы

0,7

15

Солтүстік Қазақстан облысы

0,3

Мәліметтер: Freedom Finance Insurance

орындаған: Freedom Finance Insurance


Автомобиль жасы .2007 жылы шығарылған маркасы Toyota Camry автомобилі ең көп тіркелген – Сақтандырушының мәліметтер базасында сақтандырылған автолардың жалпы санынан 5% құрайды. Екінші орында – 2005, 2014 және 2019 жылдары шығарылған маркасы Camry машиналары – 3%, үшінші орында 2002 және 2013 жылдары шығарылған автомобилі – 2%.


Демек, Toyota Camry қазақстандық автоиесінің бейнесі құрастырылды. Оның аты Ерлан, оның жасы шамамен 35 – 40, Алматы облысының тұрғыны және 2007 жылы шығарылған маркасы Toyota Camry автомобилімен жүреді. Бұл жылы Ерлан апатқа ұшыраған жоқ. Бірақ, оқиға бола қалса, оған апаттық комиссарды және жол полициясы қызметкерлерін апат болған жерге шақырту қажет.


«Автоиелері үшін апаттық комиссариат қызметі, ЖКО нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жедел алу үшін қажет. Құжаттарды жинауға және ресімдеуге уақыт шығармау үшін. Әдетінде, бұның бәрін апаттық комиссарлар жасайды», –деп, түсініктеме берді Сақтандырушылар.