«Фридом Финанс» АҚ «Лондон-Алматы» СК сатып алады

27 тамызда «Фридом Финанс» АҚ сатып алу-сату шартын жасасты, оған сәйкес Dostyk Leasing ЖШС тиесілі «Лондон-Алматы» СК» АҚ дауыс беретін акцияларының 100% сатып алады.

Келісімді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдады. Тараптар шарттарды орындағаннан кейін Лондон-Алматы СК «Фридом Финанс»АҚ-ның еншілес компаниясы ретінде Freedom Holding Corp. құрамына кіреді.

Тимур Турлов, СЕО, Freedom Holding Corp.:

«Лондон-Алматы» компаниясын сатып алу КҚИ АҚЖМС шарттарының бөлшек онлайн-сатуларындағы тәжірибемізді корпоративтік сақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесімен біріктіреді және тікелей сатуларға және клиенттерге барынша ыңғайлы цифрлық қызмет көрсетуге шоғырлануға мүмкіндік береді. Сақтандыру бизнесінің одан әрі дамуын біз өзіміздің цифрлық экожүйеміздің шеңберінде көріп отырмыз және жақын болашақта нарыққа жаңа заманауи цифрлық өнімдерді ұсына алатынымызға үміттенеміз».

Жақын арада қосылу үрдісі іске қосылады, оны 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ қосылатын компанияның құқықтық мирасқорына айналады және қолданыстағы шарттар мен өзге де міндеттемелер бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді өзіне алады. Лондон-Алматы СК Freedom Insurance СК қосылғаннан кейін меншікті капитал 13,3 млрд теңгені құрайтын болады және компанияға жалпы сақтандыру ұйымдарының арасында 7-орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Активтер 49 млрд теңгені құрайды және көшбасшылар бестігіне кіруге мүмкіндік береді.

Freedom Insurance СК Басқарма Төрағасының кеңесшісі Азамат Керимбаев:

«Біздің компаниямыз Freedom Insurance бренді ретінде 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бастапқыда біз жұмысты сақтандыру сервисін толық цифрландыруға шоғырландыру туралы шешім қабылдадық. Бұл компанияға үшінші жыл қатарынан онлайн-сақтандыру нарығында көшбасшылық позицияны иеленуге мүмкіндік береді.

Лондон-Алматы СК нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі және технологиялық компания болып табылады. Оның Freedom Insurance-тің бір бөлігіне айналуы, сөзсіз, біздің экожүйеміздегі жалпы сақтандыру бизнесін неғұрлым ауқымды етеді, онлайн өнімдер мен сервисті дамыту үшін көбірек мүмкіндіктер береді».