"Еуропалық хаттама" мобильді қосымшасы тесттік режимде іске қосылады!

Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі мен сақтандыру ұйымдарының қолдауымен, «Еурохаттама» ұялы қосымшасын іске қосу жүзеге асырылды. Бұл бастама, клиенттер және сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара қарымқатыстарын өзгертеді. Тесттік іске қосу нәтижелері алынған соң, және түзету жұмыстары жүргізілгеннен кейін, 2024 жылдың «01» қаңтарынан толыққанды пайдалану басталады. Аталған ақпаратты ресми түрде, Қосымшаны құрастыруға жауапты, Сақтандыру төлемдерінің кепілдік Қоры хабарлады.

«Еурохаттама» пайдаланушыға ЖКО-ны жол полициясының қатысуысыз ресімдеу мүмкіндігін береді, егер апат қауіпті емес, және кінәлі тұлға мен нұқсан мөлшері айқынды болса. Қосымшаны App Store немесе Google Play көмегімен жүктеу арқылы, жеке, заңды тұлғаға, соның ішінде ҚР резиденті емесе тұлғаларын алғанда, сақтандыру жағдайын жеке ресімдеуге болады.

«Еурохаттама» қандай жағдайларда өзгертілуі мүмкін?


·         Зардап шеккен тараптың көлік жөндеу жұмыстарының құны, 2024 жылға қарасты 369 мың теңгеден аспайтын болса (100 АЕК артық емес);
·         Азаматтардың өміріне нмесе денсаулығына зиян келтірілмеген;
·         ЖКО нәтижесінде тек көлік құралы зақымданған (басқа мүлікке нұқсан келтірілмеген);
·         Апатқа қатысушы екі жақтың да,қолданыстағы міндетті автосақтандыру Полисі бар болса ;
·         Зақымдар тізбесі және жол апатының жағдаяттарына қатысты, жүргізушілер арасында даулар туындамаса ;
·         ЖКО қатысушыларының ұялы телефондары Азаматтардың ұялы байланыс базасында тіркелген жағдайда.

Ресімдеу кезеңдері:

·         Қатысушылар ұялы қосымшасында авторландырудан өтеді;
·         ЖКО болған датасы, уақыты және орны көрсетіледі;
·         ЖКО-ға кінәлі тұлғаның және жүргізушінің деректері енгізіледі;
·         Көлік құралы туралы мәліметтері енгізіледі: жүрген жолы, VIN-код.
·         Көшенің және көлік құралының мемнөмірі төртжақты көрсетілген фотосуреті жасалады;
·         Зақымдары белгіленеді;
·         Жүйе тарапынан расталуын күтеді.

Қосымша іске қосылған сәттен, барлық қажетті құжаттары, апаттың координаттары және зақымдану суреттері автоматты түрде, бірегей жүйеге Қосымша арқылы бұлжымас үлгіде жолданатын болады. Аталған мәліметтерге қол жеткізуге, өтінімдерді тезірек өңдейтін сақтандыру компанияларына рұқсат беріледі. Бұл жағдайда, зардап шеккен тарап, сақтандыру төлемін алу бойынша құжаттардың стандартты жиынтығын жинаудан босатылады. Төлем мақұлданған жағдайда, ол орташа алғанда, алты жұмыс күні ішінде түсетін болады.



«Еурохаттама» туралы толық ақпаратпен, құрастырушының ipgf.kz сайтында танысуға болады.