Сонымен қатар, S&P сарапшылары бизнес құрылымын әртараптандыруды, андеррайтинг тәжірибесін және консервативті инвестициялық портфельді жақсарту шараларын атап өтті.
«Freedom Finance Insurance бойынша тұрақты болжам сақтандыру компаниясының алдағы 12 ай ішінде табыстылық пен күшті капитал көрсеткіштерін сақтай отырып, өз бизнесін кеңейтуді және әртараптандыруды жалғастырады деген үмітімізді көрсетеді» - делінген S&P Global Ratings есебінде.
Егер тұрақты жоғары операциялық көрсеткіштер, бизнес-жоспарларды сәтті жүзеге асыру және өсу стратегиялары есебінен капиталдандыру көрсеткіштері мен бәсекелестік позиция жақсарса, онда агенттік оң рейтингтік шараларды қабылдауы мүмкін.