Қазақстанда алғашқы рет, ЖКО нәтижесінде онлайн - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру сервисі іске қосылуда

dtp.kz – қиын жағдайда оңай шешім

14 қарашада, Алматы қаласында, жабық «Клуб Т» аумағында Freedom Insurance СК сақтандыру жағдайы нәтижесінде онлайн төлемдерді жүзеге асыру  бойынша цифрлік платформасының тұсаукесерін өткізді.

Енді, аталған жаңа сервис арқылы, ЖКО-ға ұшыраған қазақстандық автоиелері құжаттар сарсаңына салынбай және Сақтандырушының офисіне шықпай, өтемақы алуы мүмкін. Ол үшін, ЖКО орнында жаңа сервис арқылы өтініш түсіру жеткілікті, төлем картаға жолданатын болады.

«Бірегей цифрлық өнімдерді жасауға қабілеттілігіміз бірінші кезекте мемлекетіміздің технологиялық мүмкіндіктерінің арқасында.  Мемлекет пен бизнес арасындағы бүгінгі синергия озық финтехті тудырады, ал процестерді автоматтандыру бойынша біз қазірдің өзінде көптеген елдерден алдамыз.  2019 жылы біз веб-сайт пен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы ОГПО ВТС полисін онлайн сатып алуды іске қостық, бұл бір жылдан кейін Қазақстан Республикасындағы барлық электрондық полистердің 50%-ға жуығын сатуға мүмкіндік берді.  Дегенмен, сақтандыру сақтандыру оқиғасы орын алған кезде басталатынын бәріміз түсінеміз және дәл осы сәтте компания өз клиенттеріне қаншалықты ыңғайлы, жылдам және сапалы қызмет көрсете алатыны маңызды.  ЖКО фактісінің өзі оның қатысушылары үшін үлкен стресс болып табылады, сондықтан dtp.kz платформасы автокөлік иелерін қосымша уақыт және шығындарынан құтқаруға арналған.  Сақтандыру төлемдерін рәсімдеуді жеңілдету бүкіл сала үшін инновациялық қадам болатынына сенімдімін», –  деп мәлімдеді, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Негізінде, онлайн төлемдер бойынша цифрлік сервис-коммерциялық жоба емес. Бірінші кезекте ол, қазақстандықтар үшін сақтандыру төлемдерін алу процессі максималды тез және ыңғайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Бұл қалай жұмыс істейді

Электрондық өтініш түсіру мен төлем алу жолын, dtp.kz сайтында жеке өтуге болады.

Ол үшін, СМС арқылы сайтта Жеке кабинетке өту керек және өтінім беру қажет. Содан кейін, нұсқамаға сәйкес, ЖКО болған орнында екі автомашинаны (өзінің және апатқа кінәлі тұлғаның) әртүрлі қырынан фотосуретке түсіру керек, сондай-ақ өз автомобилінің  ВИН-кодын.

Содан соң, өтінішке келесі құжаттарды қоса тіркеу керек: жеке куәлік, жүргізушінің көлік басқару құқына берілген құжаты және техпаспорт. Бұл әрекеттерді, өз келісуін растап, цифрлік құжаттарға уақытша рұқсат беру жолымен жасауға болады. Содан кейін, автоиесінің құжаттары «Цифрлік құжаттар» мемлекеттік порталы арқылы автоматты түрде алынады. Және де, осы кезеңде, өтінішке хаттаманың фотосуретін, ЖКО сызбасын және тараптардың түсініктемелерін қоса тіркеу қажет.

Содан соң, автоиесі бейнесәйкестендіруден өтеді, сол арқылы, сақтандыру компаниясының қарауына жолданатын өзінің электрондық өтінішіне қол қояды.

Мамандар хаттаманы, ақпараттың дұрыс берілгенін, ЖКО сызбасының және тараптардың түсініктемелерінің бар болуын тексереді. Егер берілген барлық ақпарат расталатын болса, көлік құралын байқайтын және нұқсан мөлшерін анықтайтын бағалаушының телефон нөмірін, автоиесі СМС хабарлама арқылы алатын болады. Бағалау аяқталғаннан кейін, СМС хабарлама түрінде ұйғарым жолданады. Құжаттарды тексеру және нұқсанды бағалау процессі 5 күнге дейін созылуы мүмкін.

Сақтандыру төлемін екі тәсілмен алуға болады: Freedom Bank картасына немесе кез келген басқа банктің  картасына лезде. Екінші жағдайда, ақша 1-3 күн ішінде түседі. Орташа алғанда, онлайн-төлемнің бүкіл процессіне шамамен 5-7 күн кетеді.

«Замануи технологиялар арқасында, адамдар құжаттарды жинау барысында күйзелмей, абыржымай әрекеттенетінін, және өтемақыны бұрынғыдай айлар бойы күтпейтінін білгені біз үшін өте маңызды. Енді төлемді олар банк картасына қысқа мерзімде алатын болады», –  деп мәлімдеді, Freedom Insurance СК Басқарма Төрағасының кеңесшісі Азамат Керімбаев.